Мектеп тарихы

Мектеп-болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мектеп, алтын ұя. Күн санап ақпарат өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру үшін мұғалімдер,ұжымдар бірлесе атсалысуда. Осы орайда ауыл мектебінің бүгінгі бет-бейнесін жаңа қырынан көрсетіа келе жатқан «№54 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Береке ауылының орталығында орналасқан. Мектептің шығу тарихы 2007 жылдан бастау алады. 2003жылы Сарыағаш ауданы Құркелес ауыл әкімдігіне қарасты, «Береке» ауылы бой көтереді.

Елбасы бастамасымен түрлі аймақтан 50-ден аса отбасы қоныс аударып келді. Енді ғана бой көтерген ауылда мектеп әлі шешілмеген болатын. Ауыл ақсақалдары бірлесе мектеп салуды ұйғарды, аудан әкімі де қолдау білдірді. 2007жылы шағын бастауыш мектеп бой көтерді. Мектепті №33 Б.Момышұлы мектебінің филиалы деп жарияланды. 2018 жылы Ақпан айында  Елбасының көреген , саналы саясаты арқасында 300 орындықты білім ордасы салынып, «№54 жалпы орта мектеп» деген атақ берілді. Мектеп заман талабына сай материалды –техникалық базамен, заманауи пән кабинеттерімен қамтамасыз етілді.

Мектеп жаңадан ашылғандығына қарамастан көптеген іс-шаралар ұйымдастырылған. Соның бірі 2019 жылы 5қазан күні салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін, мұғалімдер күніне орай «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  Сарыағаш ауданы ұйымы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен мектепте «Денсаулық спартакиадасы» өтті.

2019жылы желтоқсан айында Алматы қаласының «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педпгогикалық шеберлік орталығының тренері А.Алимов мектептегі жас мамандардың білім сапасын жақсарту барысында коуч өткізіп, жас мамандардың сабақтарына қатысып,оң бағасын берді.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырумен ақпан айында «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқытудың жаңа тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілді.

2019-2020 оқу жылдары мектеп үшін табысты жыл болған.ҰБТ-ға 25 оқушының 16-сы қатысты бұл 62% құрайды. Орта балы 63,7% болды. 8-і мемлекеттік грантын жеңіп алды. Шектік деңгейден өте алмаған 6-оқушы болды. Мектепте ең жоғары жинаған Батешова Айгерім 99 балл, Басымбек Жанерке 127 балл жинап мектеп абыройын асқақтатқан. Қазіргі таңда  ұстаз білім нәрімен сусындатып, сапалы білім беріп келеді.

Балалық шағын байланыстырып жүрген 708 бала білім алуда.